24 қыр, 2019 сағат 18:33

Дәрігерлер Арыста зардап шеккен әскери қызметшілердің жағдайларын мәлім етті

Арыста зардап шеккен әскери қызметшілерді Алматы қаласындағы Әскери-клиникалық госпитальдің бейінді бөлімшесіне ауыстырды. Бұл туралы хирургиялық жұмыс бойынша әскери медициналық мекемінің басшысы, медициналық қызметтің полковнигі Омаров Ғалымжан мәлімдеді.

Оның сөзіне қарағанда, бүгінгі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Олардың барлығы әскери госпитальдің бейінді бөлімшесіне ауыстырылған. Оқиғадан кейін жараланғандар әскери авиацианың медициналық мекемесіне жедел түрде жеткізілген. Өз кезегінде, олар қажетті медициналық көмекті көрсетуге, сондай-ақ тез арада оңалуға жағдай жасаған.

Естеріңізге сала кетейік, 21 қыркүйекте төтенше жағдай салдарын жою жəне арнайы жабдықталған полигонның аумағында (Арыс қаласынан 60 шақырым жерде) жоспарлы жару жұмыстары барысында оқ-дəрі фрагментінің өздігінен жарылысы орын алған еді.

Нәтижесінде келісімшарт бойынша арнайы дайындалған 10 сапер-әскери қызметші жарықшақтан жараланған болатын.