17 мам, 2021 сағат 18:31

Дәрігерге тіл тигізген Алматы тұрғыны қамауға алынды


Алматыда №7 клиникалық ауруханада күзетшіні соққыға жығып, дәрігерді балағаттаған 36 жастағы тұрғын қамауға алынды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Оқыс оқиға 8 мамыр күні №7 қалалық клиникалық ауруханада болды. Алматы тұрғыны күзетшінің мұрнын сындырып, қабылдау бөлімінің хирург дәрігеріне тіл тигізді. 

№7 қалалық клиникалық аурухананың баспасөз қызметі мәлім еткендей, ер адам ауруханаға түскен әйеліне ерекше қарауларын талап етті. 

Қоғамдық орында және қызметтік міндеттерін атқару кезінде ар-намыс пен абыройын қорлағаны үшін дәрігер полицияға шағым түсірді. 

Сот отырысынд ер адам кінәсін мойындап, құқық бұзушылық фактісін растады. Ол істеген ісіне өкініп, соттан қатаң жазаламауды сұрады. 

Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп тану туралы шешім қабылдады. Сот оны 5 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы қаулы шығарды.