Рио Олимпиадасында 75 келі салмақта сынға түсіп жатқан қазақстандық боксшы қыз Дариға Шәкімова жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Жерлесіміз ширек финалда мароккалық Хадиджа Мардимен кездесіп, басым түсті. Қос боксшы Олимпиада жүлдесі үшін барын сала жұдырықтасты. Мароккалық боксшы жиі шабуылдап, Дариғаны соққының астына алды. Алайда отандасымыз қорғаныста сәтті өнер көрсетіп, қарымда соққылармен жауап қатты. Хадиджа мен Дариға арасындағы жекпе-жек қорытындысында төрешілердің шешімімен қазақстандық боксшы келесі айналымға шықты. Есеп - 3:0 (39-37, 39-37, 39-37, 39-37).
Енді ол финал жолдамасы үшін Лондон Олимпиадасының чемпионы Кларесса Шилдспен жұдырықтасады.
Ұлт порталы