19 там, 2016 сағат 22:05

Дариға Шәкімова - Рио Олимпиадасының қола жүлдегері

Рио-де Жанейрода өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бокстан қыздар арасында 75 келіге дейін салмақта ел намысын қоғаған Дариға Шәкімова Рио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды.

Жартылай финалда АҚШ боксшысы Клариссе Шилдспен кездескен жерлесіміз төрт раундтың қорытындысы бойынша қарсыласына есе жіберді. Осылайша, Дариға Рио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды. Ал Клариссе финалға жолдама алды.

Шилдс осыдан төрт жыл бұрын Лондон Олимпиадасында тағы бір қазақстандық Мария Вольнованы да жартылай финалда ұтқан еді.

Ұлт порталы