09 қар, 2022 сағат 23:42

Дариға Шәкімова Азия чемпионатының қола жүлдесіне ие болды


Иордания астанасы Амман қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында Дариға Шәкімова қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Рио олимпиадасының қола жүлдегері, Азия чемпионы Д.Шәкімова 70 келіге дейінгі салмақта тайбэйлік Чень Ньень Чиньмен шеберлік байқасты.

Бірінші раундта Дариға басымдылық танытты. Төрешілердің есебінше, екіншісінде тайбэйлік спортшы есе қайырды. Ақыры жеңіс тайбэйлік боксшыға бұйырды – 4:1.

Осылайша, Дариға Шәкімова Азия чемпионатынан қола жүлдемен қайтатын болды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Азия чемпионатында бүгін тоғыз қазақстандық боксшының финалға шығу үшін таласатынын жазған болатынбыз.

Олардың арасында Назым Қызайбай Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Жайна Шекербекова Азия чемпионатының финалына шықты.

Мәдина Нұршаева Азия чемпионатында «қоланы» қанағат тұтты.

Алуа Балқыбекова Азия чемпионатының финалына шықты.

Жазира Орақбаева Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Карина Ибрагимова әлем чемпионын ұтып, финалға шықты.