16 қаз, 2018 сағат 10:42

Дариға Назарбаева: Мектеп асханасында той жасайтындар ақы төлеуі тиіс

Мектеп өз ақшасының біраз бөлігін өзі табуы керек. Алматыдағы Мұқағали Мақатаев атындағы мектептің мұғалімдерімен кездескен сенат депутаты Дариға Назарбаева осылай мәлімдеді, деп жазады Sputnik

Жолдауды ұстаздарға жан-жақты түсіндіруге келген сенатор білім ордасындағы асхана, спорт зал және ойын алаңдарын жалға беруді ұсынды.

Дариға Нұрсұлтанқызы сабақ аяқталып, барлық оқушыны үйге жібергеннен кейін мектептен қосымша табыс табу керектігін жеткізді. Ал түскен пайда мұғалімдердің жалақысына қосылуы тиіс дейді сенатор.

Сондай-ақ, білім ошағының арнайы қонағы болған Дариға Назарбаева ұстаздардың көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берді, деп хабарлады КТК. 

"Ауылдар мен кей өңірлерде мектеп асханасында дастарқан жайып, дүбірлетіп той жасайды. Енді осы тойдың ақысын ресми түрде мектеп бюджетіне аударсақ деймін. Менің айтып отырғандарым - Білім беру бағдарламасында қарастырылған", — деді сенат депутаты Дариға Назарбаева.