Сенат депутаты, Қазақстан Президентiнiң үлкен қызы Дариға Назарбаеваның айтуынша, сырқаттанып қалған Елбасының денсаулығы қазiр жақсарды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Baq.kz порталына сілтеме жасап.
«Елбасының денсаулығы қазiр айтарлықтай жақсарды», - дедi бүгiн Сенат отырысынан кейiн Дариға Назарбаева журналистердiң сұрағына жауап бере отырып.
Еске сала кетейiк, бiрер күн бұрын Ақорданың баспасөз қызметі Мемлекет басшысы салқын тиіп сырқаттанып қалуына байланысты емделiп жатқанын хабарлаған болатын.
Кейiн баспасөз хатшысы Айдос Үкібай осыған байланысты Президенттiң жұмыс кестесіне бірқатар өзгерістер енгізілгенiн жеткiздi.
«Осы аптаның соңына дейін Мемлекет басшысының халықаралық шараларға қатысуы жоспарланып отырған жоқ. Еревандағы ҰҚШҰ отырысына Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі қатысады. Президенттің жұмысы одан әрі әдеттегі кестеге сай жалғасатын болады», - дедi А.Үкібай.