02 қыр, 2016 сағат 16:32

Орта білім ұйымдарының мематтестациясы бір жылға шегерілді

- ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Дариға Назарбаева орта білім беру мекемелерінде ішінара тексеру мен мемлекеттік аттестация өткізу мерзімін 2016/2017 оқу жылынан 2017/2018 жылға ауыстыру бойынша кеңес өткізді, деп хабарлады pm.kz.

Кеңес барысында білім және ғылым министрлігінің өкілдері қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес мемлекеттік бақылау шаралары оның тиімділігін толық қамтамасыз етпейтіндігі туралы ақпараттандырды. Осылайша, мектепке дейінгі ұйымдар мен мектептерге лицензияны тартып алу бойынша шаралар қабылданбайды, әкімшілік істер қозғалмайды,  аттестациядан өтпеген бала бақшалар мен мектептер жабылмайды.

Сондай-ақ кеңеске қатысушылар министрліктің бастамасымен жүргізілген экономикалық зерттеулер нәтижесінде негізгі назар білім ұйымдарының өзбетінше бағалауына аударылатын мемлекеттік аттестациядан қызметті өлшемді бағалауға өту бойынша ұсыныстардың әзірленгенін атап өтті.

Қазіргі уақытта бағалаудың жаңа жүйесін жүргізу тәртібін реттейтін нормативтік-құқықтық құжаттар әзірленуде. Мектепке дейінгі ұйымдар мен мектептерді бағалау жүйесіндегі жаңа тәсілдемелер  мемлекеттік аттестациялау тәжірибесінде кездесетін жемқорлық тәуекелдікті азайту жөніндегі шаралардың бірі болып табылады.

БҒМ өкілдерінің айтуынша, мемлекеттік бақылауда жаңа тәсілдемелер енгізу белгілі бір дайындық жұмысты талап етеді. Аталғандардың негізінде, өзгерістерге байланысты орта білім беру мекемелерінде ішінара тексеру мен мемлекеттік аттестация өткізу мерзімін келесі 2017/2018 оқу жылына ауыстыру ұсынылады.

Өз кезегінде Д. Назарбаева тиісті мемлекеттік органдарға аталған ұсыныстар бойынша нормативтік-құқықтық актілер әзірлеуді тапсырды.

Ұлт порталы