"Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан ХХХІ Олимпиада ойындарында бокстан 69 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін баһадүріміз, Ұлттық құраманың капитаны Данияр Елеусінов француз боксшысы Сүлейман Сиссокконы ұтып, келесі кезеңге шықты", - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Екі раундқа ғана созылған жекпе-жекті дәрігерлер отандасымыздың денсаулығына зақым келгені үшін тоқтатқан. Дегенмен қарсыластың пайдасына техникалық нокаут жазылмай, төрешілер әділ шешім шығарды. Қос раундтың есебі бойынша Елеусіновтің ұпайы(30:27, 30:27) басым болып, Сиссокко жеңіліс тапты.
Финалда Данияр өзбек боксшысы Шахрамом Гиясовпен қолғап түйістіреді. Тиісінше, Гиясов жартылай финалда Мароккадан келген Мохаммед Рабииді жеңген болатын.
Айта кетейік, биылғы жылы бокстан ерлер құрамасы алғаш рет Олимпиада ойындарына толық құрамда барған еді. Бірақ сайыс барысында алты боксшымыз жарыстан шығып қалды.
Ұлт порталы