Данияр Талғатұлы Ақышев ҚР Президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Данияр Ақышев 1976 жылғы 25 мамырда Алматы қаласында дүниеге келді. Ол еңбек жолын Орталық Азия қор биржасында маман ретінде бастаған.
1996 – 2003 жылдар аралығындағы кезеңде Ұлттық банктің зерттеу және статистика департаментінде түрлі лауазымдар атқарды, 2003 – 2007 жылдары аталған департаментті басқарды.
2007 жылғы тамызда Қазақстан президентінің өкімімен ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.
2014 - 2015 жылдары ҚР президенті әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі лауазымын, сондай-ақ президент көмекшісінің міндеттерін уақытша атқарды.
2015 жылдың 2 қарашасында Данияр Ақышев Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы болып тағайындалды.
Ал, осы жылдың 25 ақпанында отставкаға кеткен болатын. Оның орнына премьер-министрдің орынбасары Ерболат Досаев келді.