ҚР Президенттігіне үміткер Дания Еспаеваның штабы ашық есік күнін өткізді. Бұл жөнінде «Ақ жол» партиясының баспасөз қызметі мәлім етті.
Штаб офисінде үміткер Дания Еспаева, партия төрағасы Азат Перуашев және парламенттік фракцияның депутаттары ресейлік журналистер делегациясына сұхбат берді. Сонымен қатар, азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдады.
Тұңғыш әйел үміткермен кездесуге Ресей жетекші масс-медиасынан жиырма шақты журналист тілек білдірді. Брифингте журналистер түрлі сұрақтар қойды. Оларды сайлауалды бағдарлама, Дания Еспаеваның алдағы сайлаудағы үміті, жеңіске жеткен жағдайдағы саясат жолындағы жоспарлары қызықтырды.
Үміткер журналистерге өзінің сайлауалды бағдарламасын толыққанды таныстырып шықты.
Осы күні Дания Еспаева азаматтардың жеке мәселелерін тыңдады. Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары банк несиесі, баспананы жекешелендіру, жер мәселелері бойынша сұрақтарын жолдады. Әрбір өтініш үміткердің және «Ақ жол» партиясының депуттаттарының бақылауына алынды.