16 мау, 2023 сағат 10:14

Даниал Ахметов ШҚО әкімі қызметінен босатылды

Фото: instagram.com/danial.akhmetov.official

Мемлекет басшысының Жарлығымен Даниал Кенжетайұлы Ахметов Шығыс Қазақстан облысының әкімі лауазымынан босатылды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол 1954 жылы 15 маусымда Павлодар қаласында дүниеге келген.

1976 жылы Павлодар индустриалды институтын бітірген. Мамандығы бойынша инженер-құрылысшы.

Экономика ғылымының докторы, Қазақстан Республикасы Минералды ресурстар академиясының академигі.

15 маусымда 69 жасқа толған Даниал Ахметов 2014 жылдың 11 қарашасынан бүгінге дейін Шығыс Қазақстан облысының әкімі қызметін атқарды.

Тоғыз жыл ішінде ол үш рет - 2017, 2019, 2022 жылы облыс әкімі қызметіне қайта тағайындалды.

Өткен жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Даниал Кенжетайұлы Ахметовтің мол тәжірибесін ескеріп, қызметтік өкілеттігін бір жылға ұзартқан еді.

Даниал Ахметов әр жылдарда Премьер-министр, Қорғаныс министрі, Энергетика және инфрақұрылым министрі қызметін атқарды. 

Ол Шығыс Қазақстан облысынан бөлек Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарын басқарған.