18 жел, 2017 сағат 14:12

Данэлия Тулешова "Голос. Дiти" ән байқауының жеңімпазы атанды

10 жастағы алматылық әнші қыз Данэлия Тулешова Украинада өткен «Голос. Дiти» шоуында жеңіске жетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Ол байқаудың финалында әйгілі "Океан Ельзи" тобының орындауындағы "Не твоя війна" атты әнін шырқап, көпшілікті тәнті етті.


Көрермендердің дауыс беруінің нәтижесінде Данэлия Тулешова бірінші орынды иеленіп,  "Голос. Діти" төртінші маусымының жеңімпазы атанды. Сонымен қатар, ол "елдің ең үздік балалар дауысы", "Наше радио" радиоарнасында шығармашылығын ротация жасауға үш ай мүмкіндік және Disneyland Paris демалысына саяхат жасауға жолдама жеңіп алды.

 

«Голос» - ол менің бала арманым. Адамдар менің әнімді тыңдаған кезде, көпшілігі маған хат жаза бастады. Сенім білдіргендеріңізге рахмет!», - деп қуанышын бөлісті әнші.

Данэлия шетелдік өнер сахнасына бірінші рет шығып отырған жоқ. Бүған дейін ол, 2015 жылы «Жаңа толқын» байқауында көрермен көзайымы жүлдесін алған.

Еске сала кетейік, алматылық Данэлия Тулешова украиналық шоудың алғашқы күнінде атақты Деми Ловатоның "Stone Cold" әнін орындап, әділқазылар мен көрермендердің таңдайын қақтырған. Данэлия ән сала бастаған сәтте-ақ қазылардың барлығы оған бұрылған болатын. 


Айта кетейік, Монатиктің командасынан финалға Данэлиямен бірге Нино Басилая шыққан болатын. Отандасымыз финал мен суперфиналда жалпы 5 ән орындады.