20 мау, 2019 сағат 13:08

Данэлия Төлешова «Голос.Дiти» шоуының суперфиналына қонақ ретінде шақырту алды

7 шілде күні Қазақстандық танымал әнші Данэлия Төлешова Украинаның «Голос.Діти» вокалдық шоуының суперфиналында арнайы қонақ ретінде сахнаға шығады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мен Киевкке баратын күнді тағатсыздана күтіп жүрмін. Себебі, менің ең қуанышты әрі жарқын естеліктерім «Голос. Діти» байқауымен байланысты. Жобадағы достарыммен, тәлімгерім Дима MONATIK және барлық украиналық жанкүйерлеріммен кездескім келеді. Менің оларға деген алғысым шексіз. Себебі, олар әлі күнге дейін менімен бірге. Өмірімді бақылап, өнерімді бағалап отырады. Бұл жоба талантты жастарды шабыттандырады. Шынайлыққа толы шоудың мейманы болу мен үшін үлкен құрмет!», - дейді әнші өзінің алдағы сапары туралы.

Украинаға Данэлияның ұстазы Наталия Чуракова да барады. Ол «Голос.Діти» байқауының осы маусымына да балаларды дайындады.

«Мен ойламаған жерден конкурсқа қатысатын балалардың даусын тыңдайтын педагогтар тізіміне кірдім. Біз команда болып әр үміткермен жеке-жеке жұмыс істедік. Оларға ақыл-кеңес беріп, барынша дайындадық. Бұл жағынан тәжірбием мол. Себебі, ол шоудың қыр-сырын жақсы меңгердік. Қатысушыларға неге көңіл аудару керектігін айттық. Қазақстандық талантты балалар алдағы байқауда украиналық қазыларды таңқалдыруы тиіс», - дейді жас дарын.

Сондай-ақ, Данэлия Төлешова жақында «Жас түлек-2019» мектеп фестивалінде түлектерді құттықтады. Әнші бірнеше қайырымдылық  шараларға да атсалысты. Бостонда өткен Cue Ball конференциясына қатысты.

Естеріңізге салайық, Алматылық Данэлия Тулешова 2017 жылы Укринада өткен «Голос.Дiти» шоуында жеңімпаз атанған.