29 сәу, 2019 сағат 13:15

«Даму» қорына жаңа басшы тағайындалды

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-на жаңа басшы тағайындалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жалғыз акционер болып табылатын «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның шешімімен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басқармасының төрайымы және Директорлар кеңесінің мүшесі болып 29 сәуірінен бастап Гаухар Бөрібаева сайланды», делінген хабарламада.

Гаухар Асылбекқызы Қазақ мемлекеттік заң университетін (құқықтану), Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін (қаржы), The London College UCK (бизнес менеджмент саласындағы магистр) бітірген.

Еңбек жолын 2003 жылы Оңтүстік Кореяның GreenIntegrated LogisticsCo.LTD көлік компаниясында менеджер болып бастады.  

Әр жылдары ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» АҚ-да, «Қазақстанның Даму банкі» АҚ-да, «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС-да, «Альянс Банк» АҚ-да, «Ұлттық көліктік логистиканы дамыту орталығы» АҚ-да (қазіргі «ҚТЖ Express» АҚ), «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалында жұмыс істеген.

2013 жылы тамыздан 2017 жылы наурызға дейін - ҚР Президенті Іс басқармасының ведомстволық бағынысты ұйымының қаржы-экономикалық мәселелері жөніндегі вице-президенті.

2017 жылғы наурыздан 2018 жылғы маусымға дейін «Даму» қоры Әкімшілік департаментінің директоры, Басқарушы директоры қызметтерін атқарды.

2018 жылғы маусымнан бастап «Даму» қорының Басқарма төрағасының орынбасары лауазымында болған.

Еске сала кетсек, «Даму» қорын бұған дейін басқарған Сарқұлов Абай Серікұлы «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқармасының шешімімен «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқармасының төрағасы болып сайланды.