15 қаң, 2019 сағат 14:17

ДАИШ содырлары Нигерияның Ранн қаласын басып алды

Үкімет әскері мен ДАИШ (Қазақстанда тыйым салынған топ) содырлары арасында болған ұрыстан кейін қала содырлардың бақылауына өткен. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.

Агенттіктің мәлімдеуінше, содырлар елдің шығысындағы Ранн қаласын басып алған. Бұл қала Чад Республикасымен шектесетін шекара маңында орналасқан. Үкімет әскері үлкен шығынға ұшырап, кері шегінуге мәжбүр болған. Қаланың шеткі аймақтары мен орталығы содырлардың бақылауына өткен.

Сондай-ақ, қаланы ДАИШ-тің (Қазақстанда тыйым салынған топ) «африкалық қанаты» басып алғаны хабарланды. Сонымен қатар, Батыс Африкада «Ислам мемлекеті» (Қазақстанда тыйым салынған топ) деп аталып жүрген күштік топ пен «Боко харам» лаңкестік топтарының да әрекет еткені айтылуда.