22 қаз, 2020 сағат 12:15

Дағдарыс орталықтарына жүгінген әйел мен бала көбейді - Ләззат Қожахметова

Коронавирустың бірінші кезеңінде дағдарыс орталықтарына жүгінген әйел мен бала көбейді. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысында әлеуметтік жаңғыру бойынша топтың атынан баяндама жасаған журналист Ләззат Қожахметова осылай мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Пандемия жағдайында Қазақстан ғана емес, әлемде көптеген елдердің халқы жұмыссыздыққа ұшырап жатыр. Осы орайда халықтың әлеуметтік тұрмысы ушығып, несие мен жоқшылықтың қамытын киген отбасылар көбеюде. Қазіргі кезде пандемия кезінде отбасылық-зомбылықтар күшейіп жатыр, балаларға қатысты зорлық фактілерінің өзі халықтың ашу-ызасын тудырып отыр», - деді Л. Қожахметова. 

Оның сөзіне қарағанда, коронавирустың бірінші кезеңінде дағдарыс орталықтарына жүгінген әйел мен бала көбейді. 

«Өкінішке қарай, оларды қабылдамады, себебі коронавирусқа қатысты тест нәтижелерін сұрады. Індеттің жаңа толқыны салқын мезгілге дөп келетіндіктен, осы мәселелерді келешекте қарастырылғанын әрі ескерілгенін қалаймыз», - деді Л. Қожахметова.