13 қыр, 2021 сағат 23:10

Covid: Британияда жасөспірімдерге вакцина салу ұсынылды


Британияның Бас санитар дәрігерлері жасөспірімдерді коронавирусқа қарсы вакцинациялауды ұсынды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналына сілтеме жасап.

Мәлімдемеде айтылғандай, мұндай шешім «қоғамдық денсаулық сақтау себептері бойынша» қабылданды, сонымен қатар «вакцинация мектептерде COVID-19 таралу деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді».

Словенияда 15 қыркүйектен бастап ковидпен күресу үшін жаңа шектеу шаралары қолданылады. Елдің кез-келген жеріне кедергісіз бару үшін азаматтар тексеру қорытындысы болуы немесе вакцина паспорты болуы керек. Сондай-ақ ауырып сауыққаннан кейін алты айдан артық уақыт өтпеген болуы керек. 

Литва коронавирустан вакцинацияланбаған адамдарға қатаң шектеулер енгізді. Вакцина алмаған адамдар ауданы 1,5 мың шаршы метрден асатын сауда орталықтарына, барлық азық-түлік емес дүкендерге бара алмайды. Сондай-ақ, олар үшін тамақтану мекемелеріне және қоғамдық іс-шараларға кіруге тыйым салынған.