09 сәу, 2020 сағат 18:05

COVID-19 жұқтырған 6 науқас интенсивті терапиядан тұрақты палатаға ауыстырылды

Қазақстанда COVID-19 жұқтырған 6 науқас интенсивті терапиядан тұрақты палатаға ауыстырылды. Жағымды жаңалықты ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Facebook парақшасында жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Жақсы жаңалық: Қазақстанда COVID-19 бар алты науқас интенсивті терапиядан тұрақты палатаға ауыстырылды. Дәрігерлер пациенттердің жағдайының жақсарғанын атап өтті және олар енді қарқынды терапияны қажет етпейді деп санайды», - делінген министрлік таратқан ақпаратта. 

Сонымен министрлік мәліметінше, елімізде 6 пациент реанимациядан мамандандырылған бөлімге ауыстырылды: Алматы қаласында - 2 адам, Қарағанды облысында - 2 адам, Нұр-Сұлтан қаласында – 1 адам, Шымкент қаласында – 1 адам.