30 нау, 2021 сағат 18:27

COVID-19: Сәуір айында Қазақстанда 2,5 млн доза вакцина болады

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой вакциналау қарқыны жайлы айтып берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Сәуір айында 2,5 млн доза вакцина болады деп жоспарлап отырмыз. Өзге елдердегі секілді бастапқыда халық екпені сақтықпен, күдікпен салдыра бастады. Бірінші топтағы дәрігерлер, педагогтер екпе алды. Бұл өз кезегінде тиісті әсер берді, адамдардың вакцинаға сенімі арта бастады. Осы орайда қазір өз еркімен вакцина салдыруға ниетті адамдар көбейді», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде. 

Оның айтуынша, сәуір айынан бастап Қазақстан бойынша вакциналаудың түрлі пунктері іске қосылады, яғни тұрғындарды қамту кеңейтіледі. Сәуірде тұрғындар өздерінің тіркелген жері бойынша емханаларға барып, екпе салдыра алады.