18 қаң, 2021 сағат 09:33

COVID-19: Қазақстанға шет мемлекеттерден 588 азамат анықтамасыз келген

2021 жылғы 17 қаңтарында Қазақстан Республикасының аумағына Ұлыбритания, Германия, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, РФ, Украина және Қырғызстаннан 17 халықаралық әуе рейсі келді.

Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналы хабарлады. 

2 611 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 2 023 адам, анықтамасыз 588 ҚР азаматтары келді. 

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 9 рейс, 1 527 жолаушы, анықтамамен – 1 253, анықтамасыз - 274;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 8 рейс, 1 084 жолаушы, анықтамамен - 770, анықтамасыз - 314.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

Шетелден анықтамасыз келген Қазақстан азаматтарының ПТР талдауларының нәтижелері туралы мәлімет 2021 жылдың 16 қаңтарында анықтамасыз келген барлық 431 ҚР азаматының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті.