#
#
Сенбі 23/01/2021

COVID-19: Қазақстан өңірлерінде 10 инфекциялық аурухана іске қосылды

  • 23.11.2020
  • 0
  • 145

Ел өңірлерінде 10 инфекциялық аурухана іске қосылды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Мемлекет және Үкімет басшыларының тапсырмаларына сәйкес, «Жұмыспен қамту» жол картасы қаражаты аясында 13 модульдік жұқпалы аурулар ауруханасын салынуда. 10 өңірде стационарлар жұмысын бастап та кетті. 3 өңірде құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталуға жақын», - деді министр IX Азаматтық форум аясында үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен кездесуі барысында. 

Сонымен қатар ол еліміздің стационарларында өкпені жасанды желдетуге арналған 2 467 аппарат жеткізілгенін айтты. Оның 1500-ін отандық компаниялар жасаған. 

«Бұған қоса, 64 оттегі стансасын пайдалануға беру есебінен орталықтандырылған оттегімен қамтылған төсек-орын саны 38,5 мыңға жетті. Дер уақытында диагностика жасау үшін аудандық ауруханалар рентген аппараттарымен жабдықталды. Атап айтқанда, 40 аппарат орнатылып, 13-і жеткізу және орнату сатысында тұр», - деді Алексей Цой.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар