19 мам, 2020 сағат 20:29

COVID-19 ауруынан емделген Михаил Мишустин қызметіне оралды

Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин қызметіне оралды. Президент Владимир Путиннің жарлығы Кремль сайтында жарияланды. 

Сәуір айының соңында премьер-министрден коронавирус табылып, Мишустин 30 сәуірден бастап емделуге кеткен болатын. Оның міндетін вице-премьер Александр Белоусов уақытша атқарған. 

Мишустин ауруханада емделіп жатып, бірнеше рет жиын өткізген. Алайда оның міндетін орынбасары уақытша атқарғандықтан жиынға кім ретінде қатысқаны белгісіз.

Мишустиннен бөлек, үкіметте құрылыс министрі Владимир Якушев (ол қазір әлі емделіп жатыр), мәдениет министрі Ольга Любимова және ғылым және жоғары білім министрі Валерий Фальковтан коронавирус инфекциясы табылған. Бұған қоса, Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков пен госдуманың бірнеше депутаты COVID-19 ауруына шалдыққан.