Copernicus Sentinel-2 спутнигі Алакөлді ғарыштан түсірді, деп хабарлады spaceref.com.
Американың журналистері Қазақстанның Балқаш-Алакөл ойпатында орналасқан тұзды көлге қызығушылық танытты. Ол қыс аяғында шамамен екі ай қатады да, көктемнің басында ериді. Алакөлге туристер көптеп келеді. Көл - минералдарға бай, балшығының емдік қасиеті бар.
Сондай-ақ, суреттің сол бөлігінде аллювиалды түзіліммен ерекшеленетін егістік алқаптары бейнеленген. Жоңғар Алатау тауынан аққан су жазыққа қарай бет алып, артынан құнарлы қабат қалдырып, жайыла түседі. Алакөлге тереңдеген сайын жасыл, көк түсті түрлі реңктерді байқауға болады.
Балқаш-Алакөл ойпатында екі көл бар: Қошқаркөл, Сасықкөл. Олар ЮНЕСКО-ның ерекше қорғалатын табиғи аумағына жатады. Бұл жерде бұйра бірқазан, оның ішінде қызыл қоқиқаз мекен етеді.
SpaceRef басылымы 1999 жылы Вирджиния штатында құрылған. Медиа компанияның бағыты - ғарыш саласы. Компания ғарышқа қатысты тақырыптарды зерттейді, алайда ғылымға қатысты қызықты контенттер жасайды.