#
#
Жексенбі 09/08/2020

"Чернобыль" мини-сериалы BAFTA премиясын алды

  • 02.08.2020
  • 0
  • 166

Британия кино және телевизия өнері академиясы (BAFTA) "Чернобыль" мини-сериалын үздік деп тапты. Чернобыль атом электр станциясындағы 1986 жылғы сәуірде болған жарылыс туралы бес-сериялы фильм он төрт номинацияның жетеуін жеңді.

Британ актері Джаред Харрис "үздік ер адам рөлі" номинациясы бойынша "Қола маска" сыйлығын алды. Ол академик Валерий Легасовтың рөлін сомдаған. Сериалдың режиссері Йохан Ренк, Хильде Гуднадоттир, композиторы, костюм жөніндегі суретшісі Одиль Дикс-Миро де марапат алғандар қатарында. Британия академиктері сондай­-ақ сериалдың монтажын, декорациясын, жарық қоюшылары мен операторларын атап өтті.

Америкалық HBO телеарнасы мен британиялық Sky UK компаниясы түсірген "Чернобыль" мини-сериалы 2019 жылы көктемде жарық көрген. Фильм Украинадағы Чернобыль атом электр станциясындағы 1986 жылғы жарылыс пен станция маңындағы Припять қаласы тұрғындары тартқан зардапты, Совет басшыларының бір жағынан апат салдарын жойып, екінші жағынан ақпаратты әлемнен жасырғанын баяндайды.

Сериал беларусь жазушысы Светлана Алексиевичтің "Чернобыль дұғасы: болашақтың хроникасы" кітабындағы әңгімелер желісімен түсірілген.

2019 жылдың маусымында сериал IMDB рейтінгінде сериал тарихындағы ең үздік туынды атанды. Сериал BAFTA премиясынан бөлек көптеген өзге сыйлықтарды жеңіп алған. Биыл қаңтарда ол америкалық "Алтын глобус" жүлдесін алды.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар