Фото:Қайрат ФК
Мюнхеннің «Бавариясы» дара көшбасшыға айналды, ал алматылық клуб әлі ұпай жинай алмай отыр, деп хабарлайды Ult.kz sports24-ке сілтеме жасап.
2 қазанда Чемпиондар лигасының 2025/26 жылғы маусымындағы жалпы кезеңнің екінші туры аяқталды.
Бұл тур командалардың күш таразысына елеулі өзгеріс енгізді. Венсан Компани жаттықтыратын мюнхендік «Бавария» турнир кестесінің шыңына шықты. Неміс клубы кипрлік «Пафосты» 5:1 есебімен ойсырата жеңіп, көшбасшылықты бекіте түсті.
Одан кейінгі орындарға мадридтік «Реал», париждік «ПСЖ», миландық «Интер», лондондық «Арсенал», әзербайжандық «Қарабақ», дортмундтық «Боруссия» және «Манчестер Сити» жайғасты.
Күтпеген жерден екінші ондыққа әлемнің алпауыт клубтары түсіп қалды — «Ливерпуль», «Барселона», «Ювентус», «Челси» және «Наполи». Олар 16–24 орындарды бөлісіп тұр және плей-офф жолын қиындатып алуы мүмкін.
Алматылық «Қайрат» үшін турнирдің бастауы ауыр болды: алғашқы турда сырт алаңда «Спортингке» (1:4) есе жіберді, ал 30 қыркүйекте Алматыда мадридтік «Реалдан» ірі есеппен ұтылды. Уразбахтин шәкірттері алғашқы ұпайларын 21 қазанда өз алаңында «Пафосқа» қарсы іздеуге тырысады.
Еске салайық, жалпы кезеңнің сегіз турынан кейін 36 клубтан тұратын кесте жасалады: үздік сегіз команда бірден 1/8 финалға жолдама алады, ал 9–24 орын иелері плей-оффқа шығу үшін қосымша кездесулер өткізеді.
Байланысты командалар мен лигалар
