Чемпиондар Лигасындағы ойынын бірінші іріктеу кезеңінен бастайтын елорданың «Астана» клубы ұпай саны бойынша рейтингте екінші орында тұр, деп хабарлайды KazFootball.kz порталы.
Чемпиондар Лигасының бірінші іріктеу кезеңінде 38 елден 34 команда бақ сынайды. 29 000 ұпай жинаған «Астана» Болгария, Сербия, Әзербайжан, Польша, Румыния және басқа елдердің командаларын артта қалдырып, рейтингтің екінші орнында тұр.
Бірінші орынға шотландиялық «Селтик» жайғасқан.
ЧЛ бірінші кезеңіндегі алдыңғы орындағы бес команданың рейтингі мынадай:
«Селтик» (Шотландия) – 34,000
«Астана» (Қазақстан) – 29,000
«Лудогорец» (Болгария) – 26,000
«Црвена Звезда» (Сербия) – 22,750
«Карабах» (Әзербайжан) – 21,000.
Чемпиондар Лигасының бірінші іріктеу кезеңінің ойындары 2020 жылдың 18-19 тамыз күндері өтеді. Ойындар бір матчтан тұрады.