Португалия локдауннан шықты. Париждің жансақтау бөлімдері лық толды. Чехия коронавирус науқастарын көрші мемлекетке жіберуде, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Бірте-бірте Португалия екі айлық «локдауннан» қалыпты өмірге орала бастады. Егер елдегі эпидемиологиялық жағдай нашарламаса, алдағы жеті апта ішінде шектеулерді бірте-бірте алып тастау жоспарлануда. Қазір елде балабақшалар, шаштараздар, кітап дүкендері ашыла бастады.
Франция үкіметінің мәліметінше, Париждегі реанимация бөлімшелері 95% толды. Қазіргі уақытта бүкіл елде кешкі сағат 6-дан бастап коменданттық сағат енгізілді. Ал кейбір оңтүстік пен солтүстіктің бөлімдерінде демалыс күндері толық «локдаун» болады.
Чехия билігі КВИ пациенттерін Польшаға емделуге жіберу туралы шешім қабылдады. Себебі жергілікті ауруханаларда орындар азайды. Аурудың өсуін азайту үшін Чехияда өткен дүйсенбіден бастап мектептер мен көптеген дүкендер жабылды. Чехия Еуропадағы сырқаттанушылық деңгейі бойынша көш бастап келеді - соңғы 14 күнде бір миллион адамға шаққанда 15 мың науқас тіркелген.