27 мам, 2025 сағат 11:00

ChatGPT Қазақстанда салық төлейтін болды

Фото: ашық дереккөз

Енді Қазақстан аумағындағы жеке тұлғаларға қызмет көрсеткені үшін ChatGPT Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес қосылған құн салығын төлейді, деп хабарлайды Ult.kz.

«2025 жылғы мамырдан бастап OpenAI, L.L.C. компаниясы шартты түрде тіркелді. Бұл — жасанды интеллект саласындағы жетекші америкалық ұйым, кеңінен танымал ChatGPT интеллектуалдық жүйесінің әзірлеушісі», - делінген Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарламасында.


ChatGPT — бұл жасанды интеллектіге негізделген чат-бот. Оны виртуалды көмекші, кеңесші, сұхбаттасушы немесе шығармашылық пен жұмысқа арналған құрал ретінде пайдалануға болады.