Фото: Tengrinews.kz
Орталық сайлау комиссиясы 22.10-дағы жағдай бойынша Мәжіліс және мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс берген азаматтардың санын жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
"Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және елорданың аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2023 жылғы 19 наурызда Астана уақытымен сағат 22.10-дағы жағдай бойынша тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 54,19%-ы немесе 6 521 860 азамат бюллетень алды", - деді Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров.
Оның ішінде:
1. Абай облысы бойынша – 57,02%
2. Ақмола облысы бойынша – 60,01%
3. Ақтөбе облысы бойынша – 58,00%
4. Алматы облысы бойынша – 60,03%
5. Атырау облысы бойынша – 51,23%
6. Батыс Қазақстан облысы бойынша – 59,20%
7. Жамбыл облысы бойынша – 65,21%
8. Жетісу облысы бойынша – 55,32%
9. Қарағанды облысы бойынша – 59,48%
10. Қостанай облысы бойынша – 65,10%
11. Қызылорда облысы бойынша – 67,21%
12. Маңғыстау облысы бойынша – 54,10%
13. Павлодар облысы бойынша – 58,68%
14. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 65,25%
15. Түркістан облысы бойынша – 53,01%
16. Ұлытау облысы бойынша – 58,99%
17. Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 64,15%
18. Астана қаласы бойынша – 42,91%
19. Алматы қаласы бойынша – 25,82%
20. Шымкент қаласы бойынша – 45,46%
сурет: Орталық сайлау комиссиясы
Өңірлер арасында Қызылорда, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстары жоғары белсенділік танытты. Бұл өңірлерде сайлаушылардың 65 пайыздан астамы өз таңдауын жасаған.
Ал республика бойынша ең төмен көрсеткіш әдеттегідей Алматы қаласында тіркелді. Тұрғындардың небәрі 25,82 пайызы ғана азаматтық борышын орындаған. Астана мен Шымкент қалаларында да дауыс бергендер саны 50%-ке жетпеді.