ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев Қордай ауданында Сортөбе, Масанчи, Ауқатты және Қаракемер ауылдарының тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесулерге сонымен қатар Парламент Сенатының вице-спикері Бектас Бекназаров, Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов, ҚХА төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев, Парламент Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл қатысты.
Ауылдық тұрғындарымен кездесуде Үкімет комиссиясының мүшелері құқықтық тәртіпті сақтау, келтірілген залалды қалпына келтіру, болған оқиғаның жай-жапсарын объективті анықтау, бірлік пен татулықты сақтау бойынша бұдан кейінгі шаралар, болашақта мұндай кикілжіңдерге жол бермеу шараларын қабылдау мәселелерін талқылады.
Сонымен қатар жергілікті тұрғындарды ұсталған азаматтардың тағдыры қызықтырды.
«Құқыққа қайшы әрекет жасамағандар босатылатын болады. Тәртіпсіздікке қатысқандардың барлығы заң бойынша жауап береді. Қазір тергеу оперативтік тобы жұмыс істеп жатыр, ол барлық жағдайды анықтайтын болады», - деді вице-премьер.
Сортөбеліктер ауылдастарын сабыр мен тәртіпті сақтауға шақырды.
«ҚР заңдары бар, құқық қорғау органдары бар - мұны басты назарға алу керек. Не болғанына объективті сараптау жасап, не болғанын, кім кінәлі екенін анықтау керек. Біз өз бетімен жазалауға жол бермеуіміз керек. Бастысы - қоғамда бейбітшілікті, бірлік пен келісімді сақтау», - деді ауыл тұрғындарының бірі.
Үкімет комиссиясы Қордай ауданында жұмысын жалғастыруда.