Фото: NewTimes.kz
Зейнетақы жинақтарының 2026 жылға арналған ең төменгі жеткіліктілік шегін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды Ult.kz.
Онда 2026 жылы ТЖШ мөлшері орта есеппен 10% өскені жазылған.
"Зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегі ағымдағы және болжамды әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерге, ең төменгі зейнетақы мөлшеріне, ең төменгі жалақыға, ең төменгі күнкөріс деңгейіне, сонымен қатар инфляция мен инвестициялық кірістілікке сүйене отырып есептеледі", – делінген БЖЗҚ ресми сайты жариялаған ақпаратта.
ТЖШ есептеуде 2026 жылға арналған мынадай әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер ескеріліп, пайдаланылған.
- – Ең төменгі жалақы мөлшері – 85 000 теңге;
– Зейнетақының ең төменгі мөлшері – 69 049 теңге;
– Ең төменгі күнкөріс деңгейі – 50 851 теңге.
Еске салайық, ТЖШ – бұл салымшыны ай сайынғы зейнетақының ең төменгі мөлшерінен төмен емес мөлшерде қамтамасыз ету үшін қажетті зейнетақы жинақтарының ең төменгі мөлшері.
"Осылайша, 2026 жылы ТЖШ мөлшері орта есеппен 10%-ға өсті. Бұл жалпы инфляцияның ағымдағы және болжамды мәндеріне сәйкес келеді", – деп жазылған мәліметте.
