18 мам, 2017 сағат 08:59

БЖЗҚ қызметкерлерінің орташа жалақысы белгілі болды

"БЖЗҚ" АҚ басқарма төрағасы Нұрбибі Наурызбаева БЖЗҚ қызметкерлерінің орташа жалақысын атады, - деп хабарлайды kaz.tengrinews.kz тілшісі. 

БЖЗҚ 2013 жылдың тамызында пайда болғандықтан, оның жұмысшыларының айлық табысы жайлы мәліметтер 2014 жылғы кезең бойынша келтірілді. 2014 жылы - 116 380 теңге, 2015 жылы - 163 732, 2016 жылы - 166 542. 

БЖЗҚ-да 2017 жылдың 1 қаңтарындағы жағдайда 2 302 адам жұмыс істеген. Ал 2 мамырдан бастап БЖЗҚ-да 2 012 адам жұмыс істейді.