2020 жылы Қазақстанда жарты миллионға жуық бала дүниеге келді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
Алдын ала деректер бойынша, 2020 жылғы қаңтар-желтоқсанда елімізде 425,6 мың нәресте туды. Бұл, 2019 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 22,6 мың адамға немесе 5,6% көп және туғандар саны бойынша осының алдында - 1987 жылы болған рекордтан (417,1 мың адам) 8,5 мың адамға немесе 2% артық.
Қалалық жерлерде – 248,7 мың адам (58,4%), ауылдық жерлерде 176,9 мың адам (41,6%) дүниеге келді.
Барлық туғандардың жартысынан көбі елдің 6 өңірінде тіркелген:
Түркістан облысы (14,4%),
Алматы облысы (12,7%),
Алматы қаласы (8,3%),
Шымкент қаласы (7,4%),
Нұр-Сұлтан қаласы (7%),
Жамбыл облысы (6,9%).