10 ақп, 2025 сағат 16:32

Бүйрек пен бауыр трансплантациясында көш бастадық – Жандос Бүркітбаев

Фото: ronc.ru


Астанада Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күніне орай БАҚ өкілдері мен олардың отбасылары үшін ашық есік күні өтті. Аталған шара аясында онко-маммология, онкохирургия, онкогепатология, онкогастроэнтерология, диагностиктер және т.б. саласындағы жетекші мамандардың өкпе және іш қуысы обырын ерте диагностикалау және алдын алу үшін диагностикалық аспаптық және аппараттық зерттеулерді (НКДЗ КТ және көрсеткіштер бойынша УДЗ) талқылады, деп хабарлайды Ult.kz.


Медициналық ғылыми конференцияға Ғылыми зерттеу институты басқарма төрағасы, медицина ғылымының докторы Жандос Бүркітбаев, «Ғылыми зерттеу орталығы» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Санжар Шәлекенов, Клиникалық қызмет ғылыми-зерттеу орталығы басқарма төрағасының орынбасары Әділбек Мұқажанов, Ғылым, білім және стратегия ұлттық ғылыми-білім беру орталығы басқарма төрағасының орынбасары Оксана Шатковская және медицина ғалымдары мен БАҚ өкілдері қатысты.


Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күні жыл сайын 4 ақпанда атап өтіледі. Бұл ауру туралы ақпараттандыруға, науқастарға қолдау көрсетуге және алдын алуды насихаттауға арналған жаһандық бастама. ҒЗИ басқарма төрағасы Жандос Бүркітбаевтың айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылғанын және ҒЗИ алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі – ҒЗИ тәжірибесі арқылы Қазақстанның онкологиялық қызметін трансформациялау болып отыр.


Фото:gov.kz


«Біздің ұлттық орталық жоғары мамандандырылған онкологиялық көмек көрсетеді – клиникалық тәжірибе, білім және ғылым бар академиялық үштік. Онкологтардың медициналық қауымдастығы бізден бастаманы күтеді, атап айтқанда, денсаулық сақтау мен жалпы онкологияны одан әрі дамыту шараларын қабылдау», – деп атап өтті Жандос Бүркітбаев.


Баяндамашы республикада барлығы 15 онкологиялық орталық пен көпсалалы ауруханаларда 5 бөлімше жұмыс істейтінін, елімізде онкологиялық көмекті одан әрі үйлестіруге онкологиялық қызмет құрылымын реформалау, нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу және өңірлердің қызметін бақылау арқылы қол жеткізуге болатынын айтты.


«Бүгінде орталықта онкологиялық науқастарға заманауи кешенді емдеудің барлық түрі көрсетіледі. Орталықта жыл сайын 10 мыңнан астам науқас ем алады. Орталық мамандары радионуклидті, протонды, хими-мақсатты және сәулелік терапияны қолданады. Сонымен қатар, ғылыми зерттеу орталығы ересектерге сүйек кемігін трансплантациялауды жүзеге асыратын жалғыз ұйым. Бүйрек пен бауыр трансплантациясы бойынша да көш бастап келеміз. Трансплантацияның негізгі бөлігі біздің орталықта жасалады», – дейді Жандос Бүркітбаев.


Конференцияда сөз болғандай, соңғы 20 жылда онкологиялық аурулардың саны 29,4 пайызға артқан. Ұсынылған статистикалық мәліметтерге сәйкес, әйелдер ерлерге қарағанда жиі ауырады, бұл сүт безі қатерлі ісігінің жоғары таралуымен түсіндіріледі.


Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қатерлі ісік жыл сайын жүздеген адамның өмірін қиып, өлім-жітімнің басты себептерінің бірі болып қала береді. Мамандардың айтуынша, дер кезінде алдын алу, ерте диагностикалау және тиімді емдеу арқылы қатерлі ісіктен болатын өлімнің жартысына жуығын болдырмауға болады. Онколог-дәрігер, Ұлттық ғылыми онкология орталығы Басқарма төрағасының стратегиялық даму, ғылыми және білім беру қызметі жөніндегі орынбасары Оксана Шатковская қазақстандықтардың қандай жаман әдеті қатерлі ісік ауруын тудыратынын айтып берді.


Фото: kazior.online


«Жалпы, онкологиялық аурулардың көптеген себептері бар және олардың ең жиі кездесетіні әдеттеріміз – салауатты өмір салты, темекі шегу, алкоголь. Қатерлі ісік тудыратын факторлар бар. Дәлелдер деңгейі бар, темекі шегу 80% жағдайда өкпенің қатерлі ісігі екенін көрсеткен үлкен зерттеулер бар. Бұл қатерлі ісіктен әлемдегі әрбір екінші адам қайтыс болады. Дүние жүзінде өлім-жітімнің бірінші себебі – өкпе ісігі, ал Қазақстанда да жағдай осындай, бізде өкпе рагы жиі кездеседі, 80% жағдайда осы әсіктен зардап шегетін – ер адамдар», – дейді Оксана Шатковская.


Сондай-ақ, оның айтуынша, сүт безі және жатыр мойны обыры әйелдер арасында жиі кездеседі. Қатерлі ісіктің бұл түрін азайту үшін елімізде өткен жылы 11 жастағы жасөспірім қыздарға екпе егілген.


Айта кетейік, Қазақстанда жыл сайын 40 мыңнан астам жаңадан анықталған әртүрлі шығу тегі қатерлі ісік диагнозы тіркеледі. Жыл сайын 12 мыңға жуық қазақстандық қатерлі ісіктен қайтыс болады. Аурудың 5 жылдық ремиссия кезеңінен аман қалған науқастар онкологиялық аурулармен ауыратындардың жалпы санының 57,0% құрайды. Сондықтан Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күні адамдарға салауатты өмір салтын ұстануды, жүйелі түрде медициналық тексеруден өтуді, қолжетімділік пен дер кезінде емдеудің маңыздылығын еске салады.