07 қаң, 2020 сағат 06:58

БҰҰ Бас хатшысы геосаяси жағдайдың ушығып тұрғанын мәлімдеді

БҰҰ Бас хатшысы геосаяси шиеленіс осы ғасырдағы ең жоғары деңгейге жеткендіктен, эскалацияны тоқтатуға шақырды, деп хабарлайды БҰҰ сайты.

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гуттериш дүйсенбі күні геосаяси шиеленіс эскалациясын төмендетуге шақырды.

«Жаңа жыл абыр-сабырдан басталды. Біз қауіпті кезеңде өмір сүріп жатырмыз. Тіпті, ядролық қарусыздандырудың да өзінен-өзі қажеттілігі болмай барады» дей келе, ол Иракта Касем Сулейманидің өлтірілгеніне тоқталды.

Жексенбі күні Иран АҚШ-тан кек алатынын хабарлаған болатын, сонымен қатар 2015 жылдан бергі ядролық бағдарламаға қатыспайтынын мәлімдеген еді.

Сонымен қатар, Гутерриш Солтүстік Кореяның ядролық сынақтарға жариялаған моратирийден бас тартпақ шешіміне де алаңдаушылық білдірді.

Гутерриш Нью-Йорктегі БҰҰ орталық кеңсесінде журналистерге көптеген мемлекеттер салдары болжауға да келмейтін шешімдер қабылдап жатқанын айтты. Сонымен қатар, сауда және технологиялық шиеленістер де әлемдік нарыққа кері әсер етіп, теңсіздікті ұлғайтып жатқанын мәлімдеді.

«Эскалацияны тоқтатыңыздар. Сабырлық танытып, диалогқа келіңіздер. Халықаралық келісімді қайта жандандырыңыздар. Ең көп зардап шегетін - қарапайым халық. Біздің ортақ міндет - бұған жол бермеу», — деді ол.