Қарағанды облыстық сотының аппеляциялық алқасы бұрынғы энергетика вице-министрі Анатолий Шкарупаның шағымын қанағаттандырмады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Анатолий Шкарупаның қорғаушысы тергеу изоляторынан босату және істі Нұр-Сұлтан қалалық сотына беру туралы өтінішпен жүгінген. Өйткені Саран қаласына жылу есептегіш қондырғыларын орнату бойынша қаражат республикалық бюджеттен бөлінген. Бұрынғы энергетика вице-министрінің уақытша ұстау изоляторында отырғанына бір жылдан асты.
Алайда облыстық сот алқасы оның барлық өтініштерін қабылдамады. Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметінен хабарлағандай, Шкарупаны қамауда ұстау мерзімі бұзылмаған.
«Ұстау мерзімдері күдікті қамауға алынған сәттен бастап тергеу амалдарының аяқталғанына, іс материалдарымен танысу құқығы түсіндірілгенге дейін есептеледі. Күдіктінің өзі және оның қорғаушысының қылмыстық істің материалдарымен танысқан кезде ұсталғаны ҚПК 151-бабының бірінші және төртінші бөліктері бойынша белгіленген мерзімге кірмейді. Бірақ сот үкім шығарған кезде ол мерзімді бәрібір ескереді», - деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметінен.
Соттың мәліметінше, Анатолий Шкарупаға қатысты қылмыстық іс сотқа 2019 жылдың 6 қарашасында түскен. Осы сәттен бастап сотталушылар сотта тізімделеді. Шкарупаны қамауға алу мерзімі аяқталған жоқ.
Сондай-ақ, облыс әкімінің бұрынғы орынбасарының істі елордадағы сотқа беру туралы екінші өтініші де қанағаттандырылмады.
«Қылмыстық процессуалдық кодекстің 314-бабы 2,3-тармағының талаптарына сәйкес, егер қылмыстық құқық бұзушылық бір соттың қызмет орнында басталып, басқа соттың әрекет ету орнында аяқталса, іс тергеу аяқталған жерде қаралуға жатады. Тергеу аяқталған жер – айыптау үкімі шығарылған орын. Айыптау үкімі Қазыбек би аудандық сотының қарауына жататын Қарағанды қаласындағы Қарағанды облысы прокуратурасының арнайы прокуратурасы ғимаратында жасалды. Сондықтан қылмыстық іс заңды түрде аталған сотқа жіберілген», - деп түсіндірді сотта.
Еске салайық, Қарағанды облысындағы Саран қаласының сотында 15 қарашада Энергетика вице-министрі Анатолий Шкарупаның,Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығыны дамыту қоры басқарма төрағасының бұрынғы міндетін атқарушысы Қайсар Байдалы мен «Энерго» ЖШС директоры Ерлан Нәбиевтің үстінен ірі мөлшерде қаражат жымқырды деген айып бойынша сот тыңдауы басталған еді.