24 қар, 2020 сағат 15:30

Бұрынғы сүйіктісіне 20 жерден пышақ салған күдікті ұсталды

Қарағандыда адам өлтірді деген күдікті ұсталды. Ол бұрынғы сүйіктісіне 20 жерден пышақ салып, оқиға орнынан жасырынып, жарым ай бойы іздеуде болған, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Кеше тәртіп сақшылары күдіктіні ұстады. 

«23 қарашада жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлерімен ұсталып, уақытша оқшаулау орталығына қамауға алынды», - деді Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, 10 қазан күні сағат 22.50 шамасында Қарағандының медициналық мекемелерінің біріне пышақ жарақатын алған 28 жастағы әйел жеткізілді. Қарағанды қаласы ПБ Киров полиция бөлімінде кісі өлтіруге оқталу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын. Тергеу барысында полиция 23 жастағы ер адамды күдікті ретінде анықтап, іздеу жарияланған болатын.

Жарақаттанған қыз 10 күннен кейін ауруханадан шығарылды.