28 нау, 2023 сағат 20:34

Бұрынғы сайлау ұрлық болса, осы жолғы сайлау тонау болды - Берік Дүйсенбинов

Фото: parlam.kz

«Бұрынғы сайлау ұрлық болса, осы жолғы сайлау тонау болды». Бұл туралы ақ жолдық экс-депутат Берік Дүйсенбинов айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz сайты.

Бүгін Орталық сайлау комиссиясында Мәжіліске өткендерге депутаттық мандат үлестірілді. Жиында жаңадан сайланған депутаттармен қатар, олардың өтпей қалған жақтастары да төбе көрсетті.

«Сайлау әділ өткен жоқ. Бұрынғы сайлау ұрлық болса, осы жолғы сайлау тонау болды», - деді Дүйсенбинов.

Сондай-ақ не себепті тізімге енбей қалғанын партия ішіндегі мәміле шешім деп түсіндірді.

«Ақ жол» партиясының атынан 6 орын алдық. Аймақтарда 10 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан азаматтар бар. Соларға орнымызды бердік, онда тұрған ешнәрсе жоқ. Ары қарай да партия жұмысын жандандырамыз», - деді ол.