Бұрынғы Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов таяу уақытта елші қызметіне тағайындалуы мүмкін. Бұл туралы бүгін Парламент Сенатында тілшілерге Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Қайрат Құдайбергенұлы әрі қарай дипломатиялық жұмысты жалғастыру шешімін жасады. Жақын арада оның мемлекеттердің біріне тағайындалуын (елші қызметіне) күтіп отырмыз», - деді Б. Атамқұлов.
Айта кетейік, Мемлекет басшысының Жарлығымен Қайрат Құдайбергенұлы Әбдірахманов басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР Сыртқы істер министрі қызметінен босатылған еді.
Сонымен қатар 2018 жылғы желтоқсанның соңында Қазақстанның жаңа Сыртқы істер министрі қызметіне Бейбіт Атамқұлов тағайындалды.
Көп ұзамай Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев БАҚ өкілдерімен кездесу барысында Бейбіт Атамқұловтың жаңа қызметке тағайындалуының себебін түсіндірді.