Фото: ашық дереккөз
Алматы қаласында орын алған жағдай ведомствоның бақылауына алынғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ult.kz Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.
Министрліктің мәліметінше, Алматы қаласының мемлекеттік еңбек инспекторы Әлібек Қаратай қызметкердің тұрғылықты жеріне барған. Қызметкердің әкесімен телефон арқылы сөйлесу барысында өтініш беру тетіктері, сондай-ақ еңбек заңнамасында көзделген кепілдіктер жөнінде жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілген.
Жұмыс берушіден алынған ақпаратқа сәйкес, “QSR” ЖШС (Burger King) ұйымы ішінде қызметтік тексеру басталған. Тексеру кезеңінде басшылардың бірін уақытша қызметінен шеттету туралы шешім қабылданған.
Министрлік алдағы уақытта жағдайдың даму барысы туралы қосымша ақпарат берілетінін хабарлады.
