14 мау, 2021 сағат 12:00

Бурабайда «WELKOM TO BURABAI» жазуын қиратқан жүргізуші жауапқа тартылды


Ақмола облысының Бурабай курортында «WELKOM BURABAI» жазуын қиратқан жүргізуші әкімшілік жауапқа тартылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, оқиға маусымның 13-де кешкі сағат 20:40 шамасында орын алған. «Шкода Супер Б» көлігінің автожолдың 16 шақырымында айналма жолдан өте бергенде көліктің дөңгелегі жарылған. Салдарынан жүргізуші көлікті басқара алмай «WELKOM BURABAI» жарнамалық жазуына соғылған. 

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ, автокөлікке техникалық зақым келді. Ал 1986 жылғы жүргізушіге қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық кодекстің 610 бабының 1-ші бөлігі «көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды», - деді ведомстводан.