Сурет: uefa.com
Бүгін, 5 шілдеде футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының 1/4 финалында Испания мен Германия және Португалия мен Франция құрамаларының жолдары түйіседі.
Қазақстан уақытымен 21:00-де Испания мен Германия Штутгарт қаласындағы «МХП» стадионында шеберлік байқасады. Кездесуге танымал төреші Энтони Тэйлор төрелік етеді.
Ал 00:00-де Португалия мен Франция Гамбург қаласындағы «Фолькпаркштадион» стадионында кездеседі. Ойынға бас қазы Майкл Оливер төрелік етеді.
Екі кездесуді де Qazsport телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді.
Айта кетейік, Еуропа чемпионаты Германияда өтіп жатыр.
Еске салсақ, бұдан бұрын ¼ финалға Испания, Англия, Германия, Швейцария, Португалия, Франция құрамалары жолдама алған болатын. Сондай-ақ соңғы екі жолдама Нидерланд пен Түркия құрамаларына бұйырды.