Қазақстанда былтырдан бастап Үкіметтің қаулысымен 28-ші маусым Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің төл мерекесі күні болып бекітілгені белгілі. Яғни бүгін халықтың әл-ауқаты мен қоғам тынысынан хабар тарататын тілшілер қауымы кәсіби мерекесін атап өтеді.
Бүгінгі мерекеге орай еліміздегі тілшілер қауымын Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, Үкімет басшысы Асқар Мамин, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева құттықтап, Мемлекет басшысы БАҚ саласындағы сыйлықтарды беру туралы Жарлыққа қол қойды.
Елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуын ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз ету ісіндегі бұқаралық ақпарат құралдарының елеулі рөлін ескере отырып, БАҚ саласындағы сыйлықтар мен гранттарды тапсырды.