Қазақстандықтар Александр Бублик пен Андрей Голубев жұптық сында Мельбурндағы ATP 250 Great Ocean Road Open турнирінің ширек финалына өтті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Жарыстың 8-ракеткасы болып тіркелген қазақстандықтар бірден екінші айналымға өтті.
Олар бүгін екінші айналымда сербиялық Миомир Кецманович – ресейлік Карен Хачановпен кездесуі керек еді. Алайда сербиялық-ресейлік жұп бұл ойынға келмей қалды да, А.Бублик пен А.Голубев ширек финалға өтті.
Қазақстандықтар жартылай финалға шығу үшін осы доданың 2-ракеткалары, ұлыбританиялық Джейми Маррей – бразилиялық Бруно Соареспен таласады.
Бублик пен Голубев жұптық сында 8 ақпанда басталатын Аустралия ашық чемпионатында да бақ сынайды.