07 мау, 2021 сағат 22:35

Бублик пен Голубев Ролан Гарростың жартылай финалына шықты


Қазақстандықтар Александр Бублик пен Андрей Голубев жұптық сында Ролан Гаррос турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қазақстандық жұп Франция ашық чемпионатының ширек финалында монаколық Хьюго Нис - германиялық Тим Пюцпен күш сынасты.

А.Бублик пен А.Голубев матчты бірден брейкпен бастады – 2:0. Тағы бір брейк – 5:2. Бұдан кейін монаколық-германиялық жұп есепті қысқартқанымен, сет қазақстандықтардың еншісінде кетті – 6:4.

Қазақстандық жұп екінші сетте де 2:0 есебімен алға шықты. Ақыры осы басымдылықты сақтап, кездесуді сәтті аяқтады – 6:4.

Бәсеке 1 сағат 16 минутқа созылды. 

Қазақстандық жұп финалға шығу үшін испаниялықтар Пабло Андухар – Педро Мартинеспен таласады.

Осылайша А.Бублик пен А.Голубев жұптық сында Қазақстан теннисі тарихында тұңғыш рет Франция ашық чемпионатының жартылай финалына шығып отыр.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның «Үлкен дулыға» турнирінің 23 дүркін чемпионы Серена Уильямсті ұтқанын, Тимофей Скатовтың Алматы жарысын жеңіспен бастағанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Е.Рыбакина жұптық сында да Ролан Гаррос турнирінің ширек финалына шықты.