24 мау, 2021 сағат 20:01

Бублик Истбурн турнирінің жартылай финалына өте алмады


Қазақстанның бірінші, әлемнің 39-ракеткасы Александр Бублик Истбурн (Ұлыбритания) ATP 250 турнирінің жартылай финалына өте алмады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің 27-ракеткасы, италиялық Лоренцо Сонегомен күш сынасты. 

Италиялық спортшы 6:1, 7:5 есебімен жеңіске жетті.

Бәсеке 1 сағат 17 минутқа созылды.

А.Бублик матч барысында 8 эйс жасап, екі брейк-пойнттың біреуін ғана пайдаланды. Қарсыласы 3 эйс, 4 брейк жасай алды.

Жүлде қоры 547265 еуроны құрайтын жарыстың финалына шығу үшін Л.Сонего әлемнің 95-ракеткасы, тағы бір италиялық Андеас Сеппи немесе рейтингте 283-орында тұрған аустралиялық Макс Перселдің біреуімен таласады.

Бұл Уимблдон турнирі алдындағы соңғы дода болып табылады.