23 қыр, 2020 сағат 05:23

Брюссельде «әуеде қалқыған» мейрамхана ашылды

Брюссельде «әуеде қалқып тұратын» мейрамхана ашылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Euronews агенттігіне сілтеме жасап.

Мұнда ресторан қонақтары жайғасқан үстелді кран 50 метр биіктікке дейін көтереді. 

Көлденеңінен алғанда үстелдердің арасындағы арақашықтық - үш метрден, ал дастарқан басында отырған адамдар арасындағы қашықтық - бір метрден. 

Төтенше жағдайдың алдын алу үшін қонақтарды креслоға жақсылап белбеумен бекітіп қойған. 

Даяшылар да сақтандыру белбеуімен жұмыс істейді.