2020 жылдың басында Ұлыбритания экономикасы 1979 жылдан бергі ең төменгі деңгейге дейін қысқарды, деп хабарлайды Reuters.
Ұлттық статистика басқармасы Жалпы ішкі өнімнің қаңтардан наурызға дейін 2,2%-ға төмендегенін мәлімдеді. Бұл Reuters экономистерінің болжамынан да төмен болып шықты (2%).
Премьер-министр Борис Джонсон сейсенбі күні Британия экономикасын қалпына келтіруді жылдамдату бойынша өз жоспарын ұсынады. Инфрақұрылымға 5 млрд фунт стерлинг (6,13 млрд доллар) инвестиция тарту көзделіп отыр.
Англия банкі биыл экономикалық құлдырау соңғы үш ғасыр ішіндегі ең төменгі деңгейге жетуі мүмкін деп мәлімдеді.