ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте елдегі эпидемиологиялық жағдайды баяндады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Мутация – вирустар эволюциясының табиғи бөлігі болып саналады. Қыркүйек айында Англияның оңтүстік-шығысында генетикалық жолдағы көптеген өзгерістерден тұратын вирустық геномдық жүйелеуден коронавирустың жаңа штаммының алғашқы жағдайы тіркелді. Бүгінгі таңда вирустың бұл түрі Аустралия, Дания, Италия, Исландия, Нидерланды, Ресей және басқа да бірнеше елдерден табылды» - деді Ерлан Қиясов ОКҚ-да өткен онлайн-брифингте.
Алдын ала мәліметтер бойынша, вирустың басқа нұсқаларына қарағанда, бұл вирус халықтың жас топтары арасында белсенді таралады.
«Бірақ мұның барлығы алдын ала зерттеулер, бұл құбылысты зерттеу әлі де жалғасуда. Қазақстанда вирустың бұл түрі анықталған жоқ. Вирустың ауа-тамшы арқылы берілу механизмін ескере отырып, оны елімізге әкелу қаупін де жоққа шығаруға болмайды», - деп атап өтті Қазақстанның бас санитарлық дәрігері.